ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Балаға мейірімді Қазақстан!» атты халықаралық конференция өтті. Халықаралық стандарттарға сәйкес балалар мен жастардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруді мақсат еткен конференция жұмысына №10 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-cынып оқушысы, халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Кәмшат Жармахан қатысып қайтты.
Дарынды оқушы халықаралық конференцияның пленарлық мәжілістері мен диалог алаңдарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ, PRI өкілдерімен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, мемлекеттік органдар мамандарымен сұхбат құру мүмкіндігіне ие болды.
Астанадан оралған соң конференция делегатының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ол алған әсерімен бөлісті. Халықаралық шарада балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі аспектілер бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған 13 қолданыстағы тақырыптық алаңдардың жұмысы ұйымдастырылғанын, конференция басталар алдында барлық алаңдар балалар мен жастар саласындағы нақты мәселелерді талқылау үшін бірқатар отырыстар өткізгендігін атап өтті.