ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ: ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ
Жезқазған қаласында КСРО-ның Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш академигі, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиадаға Қызылорда облысынан Исламбек Нұрдаулетов (№9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты), Аңсаған Бақытбек (№10 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты), Аружан Қалмағанбетова (Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейі) қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: тұлғаның өзін-өзі тануына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету.
Олимпиада қорытындысы бойынша №9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Исламбек Нұрдаулетов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды