«БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЗАҚСТАН»
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыруды мақсат еткен шараға республиканың барлық өңірлерінен келген 320 қоғамдық ұйым көшбасшылары, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Біздің өңірден шығармашылықта да, оқуда да жетістіктерге жетіп жүрген 20 оқушы аттанды.
Форум-фестивалге қатысушылар үшін республикада балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылауға, оқушылардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымының арасында шығармашылық байланысты нығайтуға арналған 12 алаң ұйымдастырылған.
«Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнекті жерлерін аралап өтті. Шараның жабылу салтанатында фестивальге қатысушылардың гала-концерті өткізілді. Ол Қызылорда қаласындағы №7 орта мектеп оқушысы Бақдәулет Исабековтің орындауындағы әнмен ашылды. Концерт көрермендері №8 мектеп-интернаты оқушысы Айсұлу Аймұраттың та өнерін жоғары бағалады.
Форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.