Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР ФРАНЧАЙЗИНГ БОЙЫНША КЕҢЕС АЛДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ФРАНЧАЙЗИНГ БОЙЫНША КЕҢЕС АЛДЫ


    Қызылорда қаласында «Kyzylorda Franch-2017» өңірлік форум-көрмесі өткізілді.
     «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы, «Даму» Қорының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырған көрмеге «Mail Boxes Etc.» компаниясы, «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы, «Жас кемеңгер» балалар дамыту орталығы, «Поехали с нами» туристік компаниясы, «Sabayon» кофеханасы, «КРЕНДЕЛЬ» кондитерлік кофеханасы, «PRESSTO» испандық химиялық тазалау компаниясы, «TEZ» жылдам дайындалатын ботқа және өзге  де осы секілді ірі франчайзер компаниялар қатысты.  
    Форум барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы арасында «Қызылорда облысында франчайзингті дамыту мақсатындағы өзара ынтымақтастық жөнінде» меморандумға қол қойылды.
    Форумның негізгі бөлігі аяқталғаннан соң франчайзингтік компаниялар өкілдерімен B2B кездесулер өткізіліп, облыс кәсіпкерлеріне франчайзинг бойынша жеке консультациялық қызметтер көрсетілді.
    «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығының Президенті Б.Қисықов шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, алда да аймақта франчайзингті дамыту жұмыстары жалғаса беретіндігін жеткізді.


01 қараша 2017 ж. 693 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области