ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Жалағаш аудандық сотының төрағасы Асылхан Мизанбаев пен Жалағаш аудандық архиві коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жанғабыл Ибраев өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою рәсіміне аудандық соттың және архивтің мамандары қатысты. Меморандум ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа да архив құжаттарын жинақтау, уақытша сақтау және пайдалану мақсатында ведомстволық немесе жеке архивтер құру, ғылыми-техникалық құжаттама, дыбыс-бейне жазу құжаттамасы, тарихи деректемелермен алмасу, сондай-ақ архив құжаттарынан көшірмелер жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжаттардың құндылығын сараптау, ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізуде әдістемелік-практикалық көмек көрсету, құжаттарды сақтаудың жай-күйіне аса мән беріп, архивке өткізудің заңдылығын меңгеру және ынтымақтастық аясында түрлі іс-шаралар өткізіп отыруды көздейді.
Қатысушылар аталған Меморандум сот қауымдастығы мен мұрағат басқармасының арасындағы аудандық көлемдегі оң жұмыстың бастамасы болатынына сенім білдірді.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі