Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда құрылысы кешеуілдеген мектеп мәселесі талқыланды

Жаңақорғанда құрылысы кешеуілдеген мектеп мәселесі талқыланды

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған кентінде биылғы жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға берілу қажет болған, алайда әлі күнге дейін құрылысы аяқталмаған мектеп бар. Ол Жаңақорған кенті, «Маи бекеті» мөлтек ауданындағы 300 орындық білім ошағы. Құрылыс нысанына тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова Жаңақорған ауданында жұмыс сапарымен болды. Жол бастаған аудан әкімі Руслан Рүстемұлымен бірге биыл қолданысқа берілетін нысандардың жай-күйімен танысты. Әсіресе, құрылысы бітпей жатқан мектептерге баса назар аударды.

2021 жылдың соңғы, яғни желтоқсан айының аяқталуына санаулы күндер қалды, ал «Маи бекеті» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектептің құрылысы өте баяу жүруде. Мердігер компания бөлінген қаржыны игермек түгілі құрылыс барысын бәсеңдетіп жіберген. Тіпті құрылыс нысанның бір бөлігінің шатыры жабылмаған. Ал осы мөлтек ауданның оқушылары әлі күнге дейін кент орталығындағы білім ошақтарында сабылып жүр.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың қараша айына дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серік Сүлейменов құрылыс нысанына тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасын және мердігер компания «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС басшысын қатыстыра отырып, бірнеше рет техникалық кеңес отырысын өткізген болатын.

«Мәселенің мәнісі бұл мектептердің сметалық құжаты осыдан 3-4 жыл бұрын жасалғанын айтады. Ал қазір құрылысшылардың жалақысы мен құрылыс материалының бағасы айтарлықтай өскен. Сондықтан азғантай төлемге жұмыс істеуге кірпіш қалаушылар келіспей отыр», – дейді мердігер компания мамандары.
08 желтоқсан 2021 ж. 98 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области