Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда құрылыс жұмыстары қарқынды

Жаңақорғанда құрылыс жұмыстары қарқынды

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында он жылда қарқынды құрылыс жұмыстары қатты байқалады. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2009-2019 жылдары 21 мектеп бой көтерді. 2009-2019 жылдары аралығында 11 балабақша, 23 медициналық, 3 клуб үйі мен спорт кешіні салынды.

«Тәуелсіздік жылдары ауданда 240 тұрғын үй салынды. Әсіресе, 2003 жылы 61 тұрғын үй иесін тапса, 2005 жылы 87 үйге жас мамандар қоныстанды. Осы жылдар аралығында «Түгіскенде» 31 үй бой көтерді. 2005 жылы Төменарықта 35 үйдің иесі қуанышқа кеңелді. Жаңақорған кентінің «Саяжай» және «МАИ бекеті» аумағында инфрақұрылымы толығымен шешілген жер телімдері беріліп, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде», – дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметов.
Айта кететіні, соңғы төрт жылда Түгіскен елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 300 орындық мектеп, 140 орындық балабақша, медициналық нысан бой көтеріп, миллиардтаған инвестиция құйылды.
Құрылыс бөлімінің бас маманы Шыңғыс Маханұлының сөзінше, Тұңғыш Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Қолжетімді баспана – 2020», «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы ауданда құрылыстың қарқын алуында шешуші рөл атқарды.
15 мамыр 2019 ж. 630 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области