Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАҢАҚОРҒАН

ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАҢАҚОРҒАН


Экономиканың негізгі көрсеткіштерінің бірі – құрылыс индустриясы. Сондықтан да, құрылыс саласының дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеу-меттік жағдайының артуына тікелей байланысты. Құрылыс қарқынды дамыған аймақта жалпы экономиканың барлық бағыттарындағы тірліктің өркен жайып отырғанын аңғаруға болады. Сондықтан да құрылысты «экономиканың локомотиві» деп атайды. Соңғы 5 көлемінде Қызылорда облдысында құрылыс қарқынды дамыды. Облыс орталығы – Қызылорда қаласында 10-нан астам шағын аудан пайда болды. Қаншама әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Олардың қатарында жеке мен мемлекеттің әріптестігі негізінде салынған ғимараттар да бар.
Әңгімені егемендік алған сәттен бастайық. Шүкір, азаттықтың самалымен тыныстағалы 27 жылға таяп келеді. Енді 1991-2016 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы көлемінде бой көтерген құрылыс нысандарын шолу жасайық. Тәуелсіздік жылдары салынған қандайда болмасын құрылыс ғимараты, ауданның ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосқаны айқын.
Жаңақорған аудандық құрылыс бөлімінен алынған мәліметке сүйене отырып, салынған әлеуметтік нысандардың санына жеке-жеке тоқталып, саралап көрелік. 1991 жылы ата-баба армандаған күнге жетіп, Тәуелсіздігімізді алдық.
1992 жылы Жаңақорған кентінде 90 орындық балабақшаның есігі айқара ашылса, Ақсуатта 292 орындық мектеп пайдалануға берілді. Байыптап қарасақ, бүгінде сол бүлдіршіндер мен оқушылар орда бұзар отыз жастың үстінде екен. Яғни, олар ел илігі үшін қызметте жүр.
1993 жылы бірлігі бекем Билібай ауылында 90 орындық білім ордасы бой көтерді. Бұл – осы жылы салынған жалғыз нысан. Ал, Тәуелсіздік жылдарындағы 1994 жыл еліміз үшін оңай болмады. Бұл тұста мемлекет ретінде әлемдік картадан орын алып, көк Туды желбіреттік. Елтаңбаны бекітіп, Әнұранды шарықтатып, төл теңгені тұғырына қондырдық. Әйтсе де, ел ішіндегі қиыншылық әлі де тірлікті шатқаяқтатып тұрды. Бұрынғы жүйедегі кеңшарлар мен ұжымдық бірлестіктер тоз-тозы шығып, жекеменшік ұғымы жайлап ене бастады. Бір жағынан инфляция барыншы шарықтап, қаржылық дағдарыс жағадан алған тұс. Содан болса керек, бұл жылы ауданда мемлекет тарапынан бірде-бір құрылыс нысаны пайдалануға берілмеді. Ал, 1995 жылы Қаратөбе мен Өзгентте қос бірдей білім ошағы ашылып, ұстаздар қауымы мен оқушыларды қуанышқа бөледі. 1997 жылы Машбек Нәлібаев ауылында 150 орындық клуб қолданысқа берілді. Бұл жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жасаған тұңғыш Жолдауы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясына арналды. Мұнан кейін ауданда 2000 жылға дейін әлеуметтік нысан бой көтермеді.
Сонымен, 2000-2016 жылдар аралығында ауданымызда жаңадан 22 мектеп салынды. Әрине, 90-жылдардағы тоқырауда асар әдісімен салынған білім ордасы да болады. Алайда мемлекет қалыптасу жолына түскеннен кейін типтік үлгідегі заманауи мектептер бой көтере бастады.
Жалпы, мәліметті түйіндеп айтсақ, 1992-2016 жылдар аралығында 26 мектеп, 13 балабақша, 7 ауылдық клуб, 21 дәрігерлік емхана мен ФАП, медициналық пунктер ашылған. Бірер жыл бұрын кент орталығында жаңа емхана қорлданысқа берілді. Ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана құрылысын «Бақ-Жай» ЖШС-гі жүргізді. Елбасы Жарлығымен қабылданған мемлекеттік «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Қолжетімді баспана – 2020», «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламаларының үлесі зор екенін айрықша ата кету керек.
Аудандық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша, тәуелсіздік жылдары ауданда 240 тұрғын үй салынған. Әсіресе, 2003 жылы 61 тұрғын үй иесін тапса, 2005 жылы 87 үйге жас мамандар қоныстанды. Осы жылдар аралығында «Түгіскенде» 31 үй бой көтерді. 2005 жылы Төменарықта 35 үйдің иесі қуанышқа кенелген. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданы жол мәселесін шешкен ауданның бірі. Тәуелсіздік алғалы 165,65 шақырым жол қайта жаңғыртылып, асфальт төселген.
Иә, ауқымы үлкен саланы серпінді дамытуға қазіргі заманға сай білікті де білімді, іскер де құрыш білекті құрылысшылардың еңбегі зор.
Заман талабына сай заманауи үлгілермен салынған әлеуметтік нысандар аймағымыздың айбынын арттырып, сымбатына сән қосатыны айқын. Оған қоса, құрылыс кешені ел экономикасына, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік әлеуетінің артуына шешуші ықпал ететіні сөзсіз.
28 қыркүйек 2018 ж. 668 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области