Демалысқа арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысының тұрғындары алғашқы аязды сезінді. Оның себебі солтүстік-батыстан кезекті антициклонның қозғалуында болып отыр. Ол алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының төмендеуінің жаңа, бірақ суық емес толқынын тудырады. Бұл аймақтардағы түнгі уақытта термометр бағандары 15-25 аязға дейін төмендейді. Тек оңтүстік аймақтарда әлі жылы болады – бұған оңтүстік циклон әсер етеді, олармен бірге мол жауын-шашын, мұз құбылыстары күтіліп, ауа температурасы өте қолайлы болады деп болжанады.