Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Амантай Шәріп: Бұл еңбек бір ғылыми зерттеу институты атқаратын жұмыс

Амантай Шәріп: Бұл еңбек бір ғылыми зерттеу институты атқаратын жұмыс

Kyzylorda-news.kz. «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесерінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп кітапқа ерекше баға берді.

Ол өз сөзінде «Бұл еңбек бір ғылыми зерттеу институты атқаратын жұмыс» – деді.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп және Түркістан облысындағы БАҚ басшылары, қызылордалық қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
11 желтоқсан 2021 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области