Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Конференция барысында Астана мен Қызылорда қалалары жайлы деректі фильм көрсетілді.
  Қызылорда облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астананың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астана – болашақтың бағдары, Қызылорда – екі ғасыр куәсі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
  Биылғы жыл Сыр өңірі үшін тарихи жыл. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. Саяси жағдайларға байланысты Қызылорда қаласының тарихында атауы бірнеше рет өзгертіледі. Қызылорда – Сырдария өзенін жағалай қонған елдің ортақ отаны, қасиетті мекені.
  Қызылорда қаласы 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған. Сол жылдары Алаш қайраткерлері мен С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Мыңбаев секілді азамттар қызмет еткен. Қызылордада тұңғыш рет ұлы жазушы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклі қойылған.
  Елбасының төлтумасы саналатын Астана қаласы бүгінде халықаралық деңгейдегі танымал қалалардың бірі. Саяси бітімгершілік алаңына айналған қалада бүгінгі күнге дейін дүниені дүр сілкіндірген талай додалар өтіп, көк байрағымызды көкке желбіреткен жарыстар өткізілуде. Қазіргі таңда Қызылорда заманауи үлгідегі Астанаға қарап, бой түзеп келеді.
  Ғылыми-тәжірибелік конференцияға облыс әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, саясаттану ғылымдарының докторы М.Бақтиярұлы, Ш.Уәлиханов атындағы және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Қабылдинов, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, профессор Х.Әбжанов және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі А.Шәріп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Б.Кәрібозұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, э.ғ.д. Ү.Ж.Шалболова, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, ф.ғ.к. С.Қосан қатысып, баяндама оқыды.
Конференция барысында Астана мен Қызылорда қалалары жайлы деректі фильм көрсетілді. Екі қала арасындағы экономикалық, мәдени, рухани байланыстардың мәні ашылып, болашағы жайлы сөз қозғалды.
Конференцияда Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихында болған түрлі саяси оқиғалар мен ұлт руханиятындағы маңызды мәліметтер таныстырылды. Астана қаласының бүгінгі келбеті мен халықаралық деңгейдегі статусы жайлы тағылымды ойлар айтылды.                     



  
04 мамыр 2018 ж. 817 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области