Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақзира Қасымова: Талантты ұстаздарды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасады

Ақзира Қасымова: Талантты ұстаздарды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасады

Kyzylorda-news.kz. Сырбойлық ұстаздар білім берумен қатар өздерін дамытуға да баса назар аударады. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған қос бірдей конкурстан жалағаштық 2 ұстаздың мерейі үстем болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысып, жетістіктерімен бөлісті.

«Биыл Егемендігімізді алып, өзге елдермен иық тірескенімізге – 30 жыл толды. Қазіргі таңда білім саласы үлкен жетістіктерге жетіп, арамызда жас ғалымдар көбейді. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде жас ұрпақтың білім алуына үлкен мүмкіндіктер жасалған. Облысымызда он жыл ішінде халықаралық және республиалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда 500-ге жуық оқушы оқ бойы оза шауып, аймақ абыройын асқақтатып, жүлделі орындардан көрінді. Еркін қалықтаған Тәуелсіздік перзенттері бүгінде әлемнің ең ақылды жастары деп айтуымызға болады. Төл тарихымызбен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге негізделген білім беру жүйесі жеткіншектеріміз бен ұстаздарымыздың биік белесті бағындыруына ықпал жасап келеді», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Жалағаш ауданы Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айсана Намурадин «Медиа» – жаңа медиа-жобаларды іске асыру бағыты бойынша 3 млн. теңге көлеміндегі гранттың жеңімпазы атанды. Ал №33 мектебінің мұғалімі Сымбат Жәнібай «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» республикалық байқауында топ жарды.

«Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шараны жүзеге асырды. Соңғы уақытта ел жастарына көңіл бөлу, оларды барынша жан-жақты қолдау ісі ерекше қарқын алды. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен секілді жас буынды қолдау ісін ілгерілетіп қана қоймай, алдағы уақытта игі қадамдарға кеңінен жол ашатынына сенімім мол», – деді Айсана Намурадин.

Байқаудың мақсаты – өзін өзі тану идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау болды. Байқау 3 кезеңнен және 9 турдан тұрды. Нәтижесінде, «Үздік өзін өзі тану мұғалімі» құрметті атағын иелендім. Бұл жетістік тек өзімнің емес мектебімнің, ауданның, облыстың жетістігі деп білемін, – деді Сымбат Жәнібай.

Басқарма басшысы осындай талантты ұстаздарды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғаса беретіндігін жеткізді.
14 желтоқсан 2021 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области