Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қамшыбек Қоңқабаев: Әлі талай елімнің абыройын асқақтатып, жеңісті күндер көп болатынына сенімдімін

Қамшыбек Қоңқабаев: Әлі талай елімнің абыройын асқақтатып, жеңісті күндер көп болатынына сенімдімін

Kyzylorda-news.kz. Токио Олимпиадасының қол жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев әлі талай елдің абыройын асқақтатып, жеңісті күндер көп болатынына сенімді екенін жеткізді.

«Барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Егеменді елде туылып, Тәуелсіздіктің төл құрдасы болғаныма қуанамын. Ең алғаш боксқа келуіме себепші болған жанның бірі – туған ағам еді. Содан бері спорт саласында жүргеніме 16 жыл толды. Осы уақыт аралығында кәсіби бокста шыңдалып, түрлі жекпе-жектерге қатыстым. Жақында «WBA Gold» чемпиондық атақ үшін ауыр салмақта жекпе-жек өткен болатын. Бұл кездесу 12 раундқа жоспарланған еді. Алайда жетінші раунда қарсыласымның жарақатына байланысты жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс бізге бұйырды. Осылайша кәсіби бокста 4-ші жеңісіме қол жеткіздім. Қарсыласым туралы айтатын болсам, Стивен Уорд Ұлыбританиялық кәсіби боксшы. Ол кәсіби бокста 14 рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіліске ұшыраған. Алға қойған жоспарларымның бірі келесі жылы наурыз айында тағы кездесу өткізу ойда бар. Әлі талай елімнің абыройын асқақтатып, жеңісті күндер көп болатынына сенімдімін», – дейді боксшы.
15 желтоқсан 2021 ж. 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области