Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Иса Акбербаевқа қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі кездесуде Қамшыбек өзін жақсы қырынан көрсете білді. Ол қарсыласынан басым түсті.
Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылдың 18 қарашасында дүниеге келген. Ол – әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны. Қамшыбек 2017, 2019 жылдары әлем, сол жылдарда Азия чемпионы атағын иеленді. Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізгеніне қарамастан ол аталған дүбірлі додада бақ сынау мүмкіндігін жоғалтқан жоқ.
Оның қарсыласы – Иса Акбербаев та осал емес. Бұған дейін 11 рет титулдық жекпе-жек өткізді. Оның ішінде төрт мәрте сан алуан титулға ие болды. Дегенмен, соңғы жекпе-жегінде ресейлік Евгений Тищенкоға жол берді. Ол алтыншы раундта жарысты жалғастырудан бас тартқан еді. Бұл, қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды. Бүгін ол өзінің екінші жеңілісіне ұшырады.
Сондай-ақ, бүгінгі бокс кешінде бұдан бұрын Рай Сейітжанов қарсыласы Талғат Бертілеуовті, Нұрдос Төлебай қарсыласы Нұржан Мақашбаевты, Али Балоев әріптесі Юрий Быховцевті, Сапарбай Айдаров Абай Төлештен, Тұрсынбай Құлахмет Сағадат Рахманқұловтан, Виктор Коточигов пен Андрей Исаевтан басым түсті.
24 тамыз 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области