Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны

Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны болып Қамшыбек Қоңқабаев сайланды. Бұл туралы АІВА академиясының базасында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қоңқабаев аса ауыр салмақта сынға түсетін боксшы. Ол 2017 жылғы әлем чемпионатында финалға жетіп, күміс жүлдегер атанған болатын.
«Команда капитаны деген ат үлкен жауапкершілік жүктейді. Спортшыларға үлгі болып, жол көрсету міндетім деп есептеймін. Жаңа жылдан бастап командаға жас боксшылар қосылды. Құрама біршама жаңарып қалды. Бас бапкеріміз де ауысты. Сол себепті, бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, Қазақстан намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз», - деді Қоңқабаев.
Бұл күндері Қазақстан боксшылары АІВА академиясының базасында жылдың алғашқы жиынын өткізіп жатыр.
Бұған дейін ұлттық құрама капитаны міндетін атқарған Әділбек Ниязымбетов спорттағы мансабын аяқтады.


11 қаңтар 2019 ж. 877 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области