Бокстан әлем чемпионатында қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалға шықты
Kyzylorda-news.kz. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты.

Қамшыбек биылғы әлем чемпионатында бұған дейін бір ғана жекпе-жек өткізді. Жарыстың 1/8 финалында ол испаниялық Аюб Гадфадан басым түсті.
Айта кетейік, осы чемпионатта тағы бір қызылордалық жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет те 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша ширек финалда армениялық Арман Дарчинянды 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.