Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Kyzylorda-news.kz. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдені жеңіп алды.

+91 келі салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев финалда өзбекстандық Баходир Джалоловтан ұтылып қалды. Осылайша, Әлем чемпионатының күміс медалін қанжығасына байлады.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы австралиялық Юстис Хуни шаршы алаңғы шығудан бас тартқан болатын. Белгісіз себептерге байланысты қарсыласы шаршы алаңға шыққан жоқ. Нәтижесінде Қамшыбек финалға жолдама алды.
Қамшыбек әлем чемпионатында алғашқы сайысын 1/8 финалдық сатысынан бастады. Ол испаниялық Аюб Гадфаның осал тұсын тапты. Одан кейін ширек финалда неміс боксшысы Нелфи Тифакты жеңді.
Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылдың 18 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бүгінгі күнге дейін 2017 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, 2017, 2019 жылдарда Азия чемпионатында екінші орын алды.
23 қыркүйек 2019 ж. 394 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области