Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгін бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді

Бүгін бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері бастау алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалына алты қазақстандық былғары қолғап шебері шыққан болатын. Сондай-ақ, олардың ½ финалдағы қарсыластарының белгілі болған.
Боксшылар ширек финалдан кейін, кеше, 19 қыркүйекте бір күндік үзіліс алды.
Бүгін алты боксшымыз финалға жолдама алу үшін шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) басталады.
Күндізгі сессия:
52 келі - Сәкен Бибосынов - Амит Пангхал (Үндістан)
75 келі - Тұрсынбай Құлахмет - Эмир Марсиал (Филиппин)
91 келі - Василий Левит - Хулио Кастилло (Эквадор)
Кешкі сессия - 20:00:
69 келі - Абылайхан Жүсіпов - Андрей Замков (Ресей)
81 келі - Бекзат Нұрдәулетов - Хулио Ла Крус (Куба)
+ 91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев - Джастис Хуни (Австралия).
Әлем чемпионатының финалдық бәсекелері 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 17.00-20.30 аралығында өтеді.

20 қыркүйек 2019 ж. 399 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области