Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады
Kyzylorda-news.kz. 21-23 желтоқсан күндері Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соның ықпалынан бұрынғысынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар (оңтүстікте негізінен жаңбыр) жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с жылдамдықпен екпінді жел, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.
23 желтоқсанға жақын, Қара теңіз аудандарынан антициклон шығарылады — ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста түнде ауа температурасы 8-23 градус, күндіз 5-15 градус, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5-15 градус, күндіз 0-8 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде -5 және +5 градус, күндіз 0 және +10 градус болады.