Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданында екі медициналық бекеттің құрылысы жүргізілуде

Арал ауданында екі медициналық бекеттің құрылысы жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Биыл ауданда Сексеуіл кентіне қарасты Жалғызағым және Мергенсай ауылдық округіне қарасты Тастүбек елді мекендерінде медициналық бекет құрылысы жүргізілуде.

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов аталған елді мекендерге барып, жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылысын көрді. Медициналық бекеттің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілі аудан әкіміне ғимараттардың ішкі бөлмелерін және сыртқы ауласындағы жасалып жатқан жұмыстарды көрсетіп шықты.
Екі елді мекендегі нысанның құрылысын көрген аудан басшысы ауыл халқының саулығы үшін қызмет көрсететін медициналық бекеттің маңыздылығына тоқталып, мердігер мекеме өкіліне барлық жұмыстардың мұқият әрі сапалы түрде жүргізілуін тапсырды.

Атап өтейік, бұл нысандардың құрылысын «Ахат-Гс» ЖШС жүргізуде. Жалғызағымдағы медициналық бекеттің ішкі есіктерін орналастыру және ғимарат ауласын қоршалып жатса, Тастүбек елді мекеніндегі ғимараттың төбе жабындысы жабылуда.
21 желтоқсан 2021 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области