Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған ескерткіш белгі қойылды

Қызылордада Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған ескерткіш белгі қойылды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай желтоқсаншылармен кездесіп, Тәуелсіздік құндылықтары мен тарихи оқиғаның тағылымы төңірегінде пікір алмасты.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, белсенді желтоқсаншылар Аманбай Қанетов, Асқарбай Бекбосынов, Ерлан Бисембаев және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов қатысты.

Аймақ басшысы Тәуелсіздік үшін күрескен жерлестеріне алғыс білдіріп, олардың ғибратты ғұмырын басқаларға үлгі, жастарға өнеге ету – басты парызымыз екенін атап өтті.

«Еліміз тәуелсіздік алған тұста, оқиға салдарынан зардап шеккен азаматтарды ақтау мақсатында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданып, желтоқсаншыларымыз толық ақталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек» – деп атап өтті. Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы уақыт өткен сайын тереңдей түспек. Сіздердің ерлік істеріңіз халық жадында мәңгілік сақталады», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жиында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар атынан Аманбай Қанетов, Асқарбай Бекбосынов және Ерлан Бисембаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ, бүгін облыс орталығының «Тағзым» алаңында Желтоқсан оқиғасының құрбандарына қойылған ескерткіш белгінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ерлігін атап, құрмет білдірді және ескерткіштің авторы, мүсінші Жаркен Исмағұловқа ризашылығын жеткізді.

Одан кейін аймақ басшысы мен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Аманбай Қанетов ескерткіш белгісін ашып, Желтоқсан құрбандарының рухына құран бағыштады.

Айта кетейік, ескерткіш белгінің биіктігі 3,55 метр, табиғи гранит тастан, ортасында орналасқан жылқы бейнесі қоладан жасалған. Мүсінде тұлпар мінген жас қазақтың еркіндікке ұмтылып шауып бара жатқан сәті бейнеленіп, «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына мәңгілік тағзым» деп жазылған.

Анықтама үшін: Қызылорда облысында Желтоқсан оқиғасына қатысқан 142 адам бар.




22 желтоқсан 2021 ж. 91 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области