Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» кітабының тұсаукесері өтті

Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» кітабының тұсаукесері өтті

Kyzylorda-news.kz.  Нұр-Сұлтандағы Ұлттық кітапханада публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сенатор Нұртөре Жүсіптің «Жолыққан жандар» атты кітабының тұсаукесері болды.

Жинақ Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры, қордың атқарушы директоры Серік Әкірамұлы қолдауымен жарыққа шыққан.

Шараға Парламент сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов, мемлекет қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, сатирик Көпен Әмірбек, публицист Шархан Қазығұл және тағы басқа тұлғалар қатысты.
Бұл кітапта Тәуелсіздіктің 30 жылында журналистік жолда жолыққан бірқатар тұлғалар туралы сыр шертілген. Сонымен қатар жинаққа қаламгердің ағалары, замандастары, әріптестері мен сыйлас азаматтар жөнінде жазған толғамдары енген.

«Жинақтағы кейіпкерлер түгелдей автордың көрген-білген, өмірде араласқан, кейді тіпті дос-жар болған адамдары. Сондықтан автор не жазса да сендіре жазады, бұрын көп ешкім айтпаған, байқамаған оқиғалар мен деректерді ойнатып отырады» – дейді кітаптың алғысөзін жазған қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Кітаптағы ең құнды дүниенің бірі – қазақтың көрнекті жазушысы, Алтайдың кербұғысы Оралхан Бөкей туралы «Асау жүрек аяғын шалыс басқан» эссесі. Нұртөре Жүсіп Оралхан ағасының ең соңғы сапарында бірнеше күн жанында бірге болады. Сезімтал жүрек, ұшқыр қаламмен жазушының әр сөзі, әрбір іс-әрекетін ыждаһатпен жадына тоқи берген. Даңғаза дақпырттан үнемі бойын аулақ салып, ауаша жүруді ұнататын жазушы ағасына інілік ізетпен қызмет көрсеткен. Онысын риясыз көңілмен қабылдаған жазушы да қаламдас бауырымен ашыла сырласқан. Қаламгер соның бәрін қаз-қалпында хатқа түсіріп отырған.

Қазақ әдебиетінің классик жазушылары Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаевтан бастап, Социалистік еңбек ері Ыбырай Жақаевтың да бейнесін жинақтан табуға болады.

«Бұл кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тартуым. Жинақта 30-ға тарта азаматтардың адамдық болмысын ашып көрсетуге бағытталған эсселер топтастырылған. Ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың портретін сомдауға жасаған бір талпыныс еді» – дейді публицист, сенатор Нұртөре Жүсіп.


23 желтоқсан 2021 ж. 89 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области