Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нариман Табынбаев: Вакцина салдырған әйелдердің сәбиінен ешқандай туабіткен ауру табылған жоқ

Нариман Табынбаев: Вакцина салдырған әйелдердің сәбиінен ешқандай туабіткен ауру табылған жоқ

Kyzylorda-news.kz. Алматыда Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды. Дүниеге келген нәрестелерден ешқандай туабіткен ауру анықталған жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жүкті әйелдердің коронавирусқа қарсы вакцина алуы – үлкен жауапкершілік.

«Pfizer вакцинасының қауіпсіздігі дәлелденгеннен кейін Қазақстанда да жүкті әйелдерге аталмыш екпе салына бастады. Pfizer вакцинасын салдырған әйелден туған баладан ешқандай туабіткен ауру анықталмады. Әйелден қан арқылы баласына қандай да бір мөлшерде антидене берілетіні белгілі болды. Вакцина ананы ғана емес, жаңа туған сәбиді де қорғайтыны дәлелденді», – дейді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар, ол балада анасы арқылы қалыптасқан антидененің қанша уақытқа дейін күшінде болатыны белгісіз екенін.

«Алматыда Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды. Баладағы антидене мөлшерін білу үшін ата-анасының рұқсаты керек», – деді ол.
23 желтоқсан 2021 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области