Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2602 қызылордалық «Pfizer» вакцинасын салдырды

2602 қызылордалық «Pfizer» вакцинасын салдырды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдермен бала емізетін әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасын егу басталған болатын. Бүгінгі күні «Pfizer» екпесі 2602 адамға салынды.

Алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алуды бастады. Қазірде өз еркімен жүкті әйелдер мен ата-аналарының келісімімен жасөспірімдерге вакцина салынуда.

«№1 қалалық емханада қазірде 3 жүкті әйел және 12-17 жастағы 359 жасөспірім аталған вакцинаны алды. Екпені 16-37 апталық жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 апта асқан аналар ала алады. Вакцина қабылдаған жүкті әйелдер мен жасөспірімдер 3 күн біздің бақылауымызда болады. Қазірде бәрінің жағдайы жақсы, ешқандай шағым келіп түспеді,-деді емхананың эидемиолог дәрігері Райхан Кәметова хабарлады.

№1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Аяжан Сүлейменованың айтуынша, «Pfizer» вакцинасы жеңілдетілген вакцина түрі. Ол жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге вирусқа қарсы арнайы антидене қалыптастыруға көмек береді.
25 қараша 2021 ж. 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области