Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Kyzylorda-news.kz. Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері лауазымын босатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі растады.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері және ҚР ДСМ КСК Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді.

Еске салайық, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды.

2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарған.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінде болып, лауазымынан босатылған еді. Жандарбек Бекшин 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
24 желтоқсан 2021 ж. 136 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру