Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Kyzylorda-news.kz. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Осылайша жауын-шашын болып, солтүстік өңірлерде қар жауады. Көктайғақ, тұман, екпінді жел, төмен бұрқасын күтіледі.
Батыста түнде 14-23-тен 3-13-ке дейін аяз, күндіз 3 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-батыста түнде 17-33-тен 7-23-ке дейін, күндіз 10-25-тен 2-11-ге дейін аяз болады. Ал солтүстікте ауа температурасы түнде 20-33, күндіз 10-26-дан 5-15-ке дейін аязды құрайды. Орталық пен шығысқа келсек, мұнда ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: солтүстік-шығыста түнде 5-15-тен 10-25-ке дейін аяз, күндіз 2-11-ден 5-20-ға дейін, оңтүстікте түнде 15 аяз — 3 жылудан 3-20 аязға дейін, күндіз 8 аяз — 12 жылудан 10 аяз — 3 жылу аралығында, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 5 аяз — 3 жылудан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылудан 0-10 дейін аяз болады.