Сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклон жырасының өтуімен қар жауып, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен соғады, облыстың солтүстігінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел жаяу бұрқасынмен болады, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады, солтүстік – батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аумағы мен тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы, тау бөктерінде тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.