Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. 13 желтоқсанда фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын–шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте таулы аудандарда нөсер жауын жауады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ ьолады, жел күшейеді. ҚР солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетіп, жаяу бұрқасын соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысында Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.