Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Омикрон штаммға байланысты шектеулер енгізіледі

Омикрон штаммға байланысты шектеулер енгізіледі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша алдын алу шараларын енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Жандос Бүркітбаев эпиджағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі әлемде «омикрон-штамм» нұсқасының таралуының жоғары қарқыны екенін айтты.

«30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың «омикрон-штаммы» 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. «Омикрон» штаммының таралу коэффициенті жоғары – 1:5-ке тең, сондай-ақ, штаммды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады», – ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша «жасыл» статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.

Аталған норманы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмек.
28 желтоқсан 2021 ж. 131 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области