Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсар» футбол орталығында 500-ге жуық бала тәрбиеленуде

«Қайсар» футбол орталығында 500-ге жуық бала тәрбиеленуде

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде «Қайсар» футбол орталығында 500-ге жуық балғын футболшылар аладоптың қыр сырын меңгеруде. «Қайсарды» оң бағытта дамыту үшін балалар футболына мән берілуі тиіс. Бүгін клуб директоры Жағыппар Жұмахметов футбол орталығының бапкерлерімен кездесіп, балалар футболының көкжиегін кеңейтуде жаңа жоспарларды нақтылауды ұсынды.

«Балғын футболшылар ел футболы оның ішінде «Қайсардың» болашағы. Сондықтан футбол орталығындағы әрбір қатысушыға баса назар аударуымыз керек. Орталықты дамыту үшін жаңа жоспарларды бекітуіміз тиіс. Жалпы балалар жалғыз жаттығумен шектелмеуі керек. Алдыға ұмтылу үшін түрлі шеберлік сабақтарын жоспарлаймыз. Жаңа маусымда орталықтағы балаларды жаңа спорттық киімдермен қамтамасыз етуге жұмыс істейміз. Көктем айындағы «Арман» және «Жастар» республикалық турниріне дайындықтық жұмыстарын әзірден қолға алуымыз керек», – деді клуб директоры Жағыппар Насрадинұлы.

Айта кетейік, «Қайсар» футбол орталығында УЕФА-ның талаптарына сәйкес А,В,С категориялы 25 бапкер жұмыс істейді. Сондай-ақ қыздар футболы да қарқын алып, бүгінде 2 команда ел чемпионатында бақ сынауда.
29 желтоқсан 2021 ж. 78 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области