Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ - ӘЛЕУМЕТ ПЕН ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРЕР ОҢДЫ БАҒЫТ

ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ - ӘЛЕУМЕТ ПЕН ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРЕР ОҢДЫ БАҒЫТ


    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын халықтың әлеуметі мен әлеуетін көтерер оңды бағыт деп айтуға болады. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысынан кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытгүл Хаменова айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
    «Ең бастысы, бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатын көтеру мәселесіне ерекше маңыз беріліп отыр. Оның ішінде әрбір жастан бастап жасамысқа дейінгі маңызды мәселе – пәтер, тұрғын үй мәселесі. «7 - 20 - 25» бағдарламасы есебінде ізгі бастама көтерілді. Тұрғын үй алу үшін жылдық пайызы 7, бастамашылық қазына - 20, жылдық мерзімі 25 жылға дейінгі бағыт менің ойымша, халықтың әлеуетін көтеруге бағытталған», - дейді мәжілісмен.
    Бақытгүл Хаменованың айтуынша, екінші бастамада көтерілген ең төменгі жалақының салықты мөлшерін азайту бағытының да маңызы зор.
    «Елдің ертеңі – жастар! Ал жастарға жасалып жатқан ең оңды жұмыстың бірі – бүгін айтылған грант бөлу бастамасы деп айтар едім. Гранттың санын тағы 20 мыңға арттырып жатыр. Қала берді, сол студенттердің тұрғын жаймен қамтамасыз ету үшін 2022 жылға дейін жатақхана орнын 25 мыңға дейін арттыру көзделуде. Парламентке қазір беріліп отырған жұмыс – заңмен ұштастыру (бастамаларды - авт.) Сондықтан, Елбасының бес бастамасы халықтың әлеуметі мен әлеуетін көтеретін оңды бағыт деп айтуға болады», - деп түйді Хаменова.
    Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастаманы жария еткен болатын.  

05 наурыз 2018 ж. 800 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области