Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САРЫАРҚА ГАЗЫ СЫРДАН БАСТАУ АЛАДЫ

САРЫАРҚА ГАЗЫ СЫРДАН БАСТАУ АЛАДЫ


    Елбасы кеше Парламент Пала­таларының және Үкіметтің бір­лескен отырысында жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, хал­қымызға үндеу жариялады. Бұл Қазақстан халқының жаңа тарихи кезеңнің алдында тұр­ғанын айқындайтын, елдің игілігіне арналған ұтымды да түбегейлі әлеуметтік жоба екенін көрсетті.
    Үндеуде Президент «Бұл – біз­дің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін, жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар ар­қылы жүзеге асырамыз. Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алады. «Қазақстан – біз­дің ортақ үйіміз» деген идея жаңа мағынамен толыға түсуге тиіс» – деп атап көрсетті. Әр­бір қазақстандықтың әл-ауқа­тын жақсартуға бағытталған Президенттің 5 бастамасының маңы­зы зор.
    Мемлекет басшысының бесін­ші бастамасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» міндетін қойып отыр. Елбасы елімізде газ өндіру тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 млрд текше метрге дейін артқанын, әрі қарай да өсе түсетінін атап өтті. «Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген. 9 облысқа газ тартылған. Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Біз «Қараөзек (Қызылорда облысы)-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» ба­ғы­­тында магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек. Оған тиісінше қаражат тарту қажет болады, соның ішінде халықаралық қаржы институттарынан да. Бұл 2,7 млн адамды газбен қамтамасыз етумен қатар шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді» –  деді Президент.
    Астананы газдандыру эколо­гияны жақсартып, зиянды қал­дық­тардың ауаға таралуын 6 есеге азайтады екен. Жобаны жүзеге асыру өзге өңірлерді де газ­дандыруға мүмкіндік береді. Сарыарқаға газ келген соң Павлодар, Петропавл, Көкшетау қалаларына да көгілдір отын жеткізу жоспарланбақ. Соны­мен бірге құрылыстың бірнеше рет екшеліп пысықталғаны, сөйтіп нақты жобаға айналғаны айтылды.
    Елбасының бастамасымен енді Сырдан Сарыарқаға газ құбыры тартылмақ. Бұл Қараөзек газ тарату станциясынан басталатын алып құрылыс  жаңа жұмыс орындарын көбейтіп, өндірісімізге серпін әке­леді. Қазіргі таңда облыс халқының 63 пайызы табиғи газ тұтынуда. Соңғы жылдары Қызылорда қала­сын газдандыру елеулі артып, 7 аудан орталығының 4-не газ жеткізілді.
    2017 жылы Белкөл кентіне табиғи газ жеткізу аяқталды және Байқоңыр қаласына газ тарту жұмыс­тары басталды. Биыл Жосалы кентін газдандыру жұмыстары бас­талады және соңғы аудан орталықтары – Жалағаш, Тереңөзек кенттеріне құбырлар тартылады. Одан кейінгі кезекте елді мекендер «көгілдір отын» игілігін көрмек.
    Президенттің бес бастамасын Сыр бойы халқы зор қуанышпен қарсы алды. Бұдан оншақты жыл бұрын Елбасының тікелей тапсырмасымен Қызыл­орда қала­сын газдандыру жұмыс­тары бас­талғанын жерлестеріміз жақсы біледі. Соның нәтижесінде көгілдір отынның игілігін көріп, аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы елеулі ілгеріледі.
    Мемлекетіміздің жаңа қадам­дары бүкіл қазақс­тандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер етеді. Елбасы атап өткендей, біз әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудің шынайы, әрі сындарлы қазақстандық мо­делін міндетті түрде бірге жасайтынымызға сенім­діміз. Бү­гін­гі бастамалардың еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асатыны бар­лығымызға зор жауапкершілік жүктейді.
    Медет УСАИН,
    облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы
    басқармасының басшысы.

06 наурыз 2018 ж. 682 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области