БРИТАНДЫҚТАР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЛАРЫН ЖОЛДАДЫ
Британдықтар Ұлыстың ұлы күніне орай қазақстандықтарға ерекше құттықтау жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қазақстанның Лондондағы елшілігі әлеуметтік желіде тұманды Альбион тұрғындары Наурызға орай қазақстандықтарды құттықтаған видеоролик жариялады.
Наурыз - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Өкінішке қарай, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қасиетті мерекені тойлау кеңес заманы кезінде үзілді. Қазақстанда да талай жылдар бойы бұл діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы елімізде 1998 жылдан бастап қайтадан ресми түрде атала бастады. 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды.
Айта кетейік, Американың «Humming House» фолк-тобы да ерекше құттықтау арнап, «Үркер» тобының әншісі Айдос Сағатовпен бірге әйгілі «Наурыз» әнін орындаған болатын.
Бұдан бөлек, қазақстандықтарды Наурызбен Латвия мен Грузия тұрғындары құттықтады. Құттықтау-бейнежазбасын ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі өз парақшасында жариялады.