Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЛМАТЫДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА 25 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН ОСЫ МӨЛШЕРДЕ НАУРЫЗ КӨЖЕ ДАЙЫНДАЛАДЫ

АЛМАТЫДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА 25 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН ОСЫ МӨЛШЕРДЕ НАУРЫЗ КӨЖЕ ДАЙЫНДАЛАДЫ


    Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу барысында 25 тонна бауырсақ, 25 тонна наурыз көже және 5 тонна палау дайындалады. "Астана" алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде, Атлеттер ауылында, Almaty Arena алдындағы алаңда және барлық аудандарда дәстүрлі ас мәзірінен дәм татуға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
     Алматы базарлары да "Наурыз-2018" мейрамын кеңінен атап өтеді. Қаланың 46 базары 20 наурыздан 21 сәуірге дейінгі бір айға жуық аралықта ұлттық мерекені тойлайды. Осы кезең ішінде қала тұрғындары мен қонақтарына тегін наурыз көж, палау мен бауырсақ беріледі. Бұлардан өзге, ұлттық спорт сайыстары мен мерекелік көрсетілімдер ұйымдастырылады.
    "Наруыз мейрамын 46 базар өз алаңдарында 2 рет - 22 наурыз бен ай ішіндегі бір күнде ұйымдастырады. Базарлардың барлығы 8 тонна наурыз-көже, 25 мың тонна палау, 12 тонна баурысақ дайындайды", - деді Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновация даму басқармасы.
    Бұлардан өзге, мерекелік құттықтауға қаланың барлық мейрамханалары да қатысады. Қоғамдық тамақтану орындарының барлығында Наурыз Мейрамы арнайы ас мәзірі жасалып, ол бір ай бойына жүретін болады.
    Еске салсақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық ас тағамдарын әзірлеу бойынша тақырыптық фестивальдер ұйымдастырылады.

17 наурыз 2018 ж. 737 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области