Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨКШЕТАУДА ЖЫЛҚЫ МЕН ОНЫҢ ИЕСІ ҚАРА ЖОРҒА БИЛЕДІ

КӨКШЕТАУДА ЖЫЛҚЫ МЕН ОНЫҢ ИЕСІ ҚАРА ЖОРҒА БИЛЕДІ


Биші ат пен оның иесі СҚО-дан арнайы шақыртылған.
Көкшетауда Наурыз мерекесіне жиналған жұрт жылқының тамаша өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Көкшетаудың орталық алаңында Қара жорға биіне билеген жылқы мен оның иесінің видеосы желіні шарлап кетті. Ұйымдастырушылар республикалық ат спорты додаларының жеңімпазы Рамазан Махатовты Қызғалдақ аталған жорғасымен Солтүстік Қазақстан облысынан шақырған.
Көкшетау мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова биші ат пен оның иесін СҚО-дан арнайы шақыртқандарын айтты.
"Біз көрші облыстармен тығыз байланыс жасаймыз. Жазда СҚО-да болған спартакиада кезінде осы биші атты көрген едік. Шараға дайындалу барысында сол есімізге түсіп, Рамазанға хабарластық. Сөйтсек, ол Тараздағы турнирге дайындық үстінде екен. Дегенмен біздің өтінішімізді де жерде қалдырмады. Жорғаның Қара жорғаға билеуі неткен жарасымды еді", - деді Айгүл Сәбитова.
Оның сөзіне қарағанда, ат алғашында алаңдағы мұзға тайғанақтағанымен, ән шырқалған сәтті билей жөнелген.

24 наурыз 2018 ж. 1 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области