ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11-ОРЫН АЛДЫ
Итальяның Милан қаласында әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша (қысқа және еркін бағдарлама) бірінші орынды 223.23 ұпаймен канадалық Кейтлин Осмонд жеңіп алды.
«Күміс» пен «қолаға» жапониялық Вакаба Хигути (210.90) мен Сатоко Мияхара (210.08) ие болды.
Біздің отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева 186.85 ұпаймен 11-орын иеленді. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты, Милан, Италия Әйелдер, мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама
1. Кейтлин Осмонд (Канада) - 223.23
2. Вакаба Хигути (Жапония) - 210.90
3. Сатоко Мияхара (Жапония) - 210.08 ...
11. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) - 186.85