Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА: ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ МАРГАРИТА МАМУН АЛМАТЫҒА КЕЛДІ

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА: ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ МАРГАРИТА МАМУН АЛМАТЫҒА КЕЛДІ


Бүгін «Достық» спорт кешенінде көркем гимнастикадан «Kerbez Cup» ашық халықаралық чемпионатының финалы өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Байрақты бәсекеде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай және Қырғызстан елдерінен келген спортшылар бақ сынады.
Қырғызстаннан келген гимнастшының айтуынша, барлық құралдармен бірдей жақсы өнер көрсету мүмкін емес. Көбінесе, лентамен жұмыс істеу қиын. Өйткені, ол әрдайым қозғалыста болу керек және жерге тимеуі тиіс, мұндай қателіктер үшін төрешілер бағаны төмендетеді.
«Мен Алматыдағы жарыстарға жиі келіп тұрамын. Осында өнер көрсеткенде мүлде қобалжымаймын, өзімнің туған қаламдай болып кеткен. Бұған дейін, Алматыда өткен жарыста жеңімпаз атанғанмын. Бүгін де жақсы өнер көрсеттім. Бірақ, маған лентамен өнер көрсету қиын болды. Онымен жұмыс істеу оңай емес», - деді жарыс қатысушысы Айғаныш Құрманбекова.
Гимнастшылардың басым бөлігі шеңберді ең жеңіл көркем гимнастика құралы деп атады. Өйткені, гимнастикаға алғаш келгенде меңгеретін жабдық шеңбер болып табылады. Ал төрешілер өз кезегінде спортшы қыздардың шеберлігін, қиын әдістердің дұрыс орындалуын, теxникасын бағалады.
Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсіміне Олимпиада чемпионы Маргарита Мамун және еліміздің еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупова қатысты. Олар жарыс финалистерінің өнерін тамашалап, гимнастшыларды марапаттады.
«Мен алғаш рет Алматыға келіп отырмын, қонақжайлылықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Ең бастысы шыдамды болыңыздар. Өздеріңізге сеніп, еңбек етсеңіздер, сонда барлығы болады. Ал ата-аналарға айтарым, сіздер балаларыңыздың басты жанкүйері ретінде оларға қолдау көрсетіңіздер», - деді Олимпиада чемпионы Маргарита Мамун.
Чемпионат нәтижесінде 2001-2015 жылдары туылған спортшылар арасында үздіктер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом, бағалы сыйлықтармен және демеушілер атынан 100 мың теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды.
24 наурыз 2018 ж. 621 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области