ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР ҮШІН «ЕСІКТЕРДІ» ҚАЛАЙ ЖАБУҒА БОЛАДЫ?
Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның Монополияға қарсы органын реформалау барысы тақырыбында «Атамекен» ҚР ҰКП Бәсекелестікті қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Эльдар Әбдіразақовтың жетекшілігімен өткен жиынға ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупабаева, мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Жалпы алғанда мемлекеттің қарамағындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды бәсекелік ортаға беру, жекешелендіру үдерісі қолға алынғаны белгілі. Бұл үдеріс не үшін керек? Сонда республикалық, қоғамдық маңызы бар нысандарды мемлекет қаржыландыра алмай ма, жоқ әлде нарық заманында жекешелендіру үдерісі қалыпты жағдай ма?
Экономиканы дамытуда орта, тіпті зорға жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелерді жекеменшікке беру арқылы бойына қан жүгіртіп, табысты бизнес көзіне айналдыруға болады. Ал әлеуеті сын көтермейтін нысандармен бизнес өкіледрін қалай қызықтыруға болады? Осы және басқа сұрақтар диын барысында талқыланды.
Қазақстанда «Yellow Pages Rule» қағидасын енгізудің ағымдағы деңгейі бойынша «Саят Жолши и Партнеры» заңгерлік фирмасының аға серіктесі Айдын Бикебаев сөз сөйледі.
«Yellow Pages Rule» ережелері бойынша мемлекет бизнеспен бәсекеге түспеуі керек. Бикебаевтың айтуынша Қазақстанда бұл ережелер заң тұрғысынан баяғыда еңгізіліп қойған, алайда жүзеге асыру механизмінде олқылықтар орын алып, тиімділік болмай тұр.
Өз сөзінің дәлелі ретінде жекешелендіру қорытындысы бойынша мемлекеттік компаниялар саны қысқаруы керек, бірақ тәжірибе көрсеткендай бұл сан қайтадан өсіп кетуі ықтимал.
Оған негіз болып отырғаны Кәсіпкерлік кодексіндегі нормалар, сонымен қатар ҚР Үкіметінің 1095 нөміріндегі Қаулысы, онда мемлекеттің қатысумен заңды тұлғаларға 300-ден астам қызмет түрін жасауға рұқсат берілген. Осылайша мемлекет үшін бизнеске шығу жолы оңай әрі ашық болып тұр.
Эльдар Әбдіразақов монополияға қарсы орган өкілдеріне төтесінен сұрақ қойды: «Жекешелендіруді қолға алғанмен Қазақстанда мемлекеті қатысуымен жаңа кәсіпорындар неге пайда болып жатыр?» ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Рустам Ахметов құрылып жатқан «сүзгілерге» қарамастан мемлекет қатысуымен жаңа кәсіпорындарды салалық министрліктер ашады, олардың өз көздегені бар деп айтты.
«Мәселе мынада біз шарттарды құрамыз, бірақ мемлекеттің өз міндеті бар – бұл инвестицияларды тарту. Мемлекет жобаға қатысу арқылы бизнеске кепілдік болады. Ертең белгілі бір кәсіпорын жабылып қалса, бізге инвестор келеді деген кепілдік бар ма? Егер біз заңнамалық қарама-қайшылықтарды айтатын болсақ, онда мұнда мемлекеттік компанияға деген бақылау керек екеніне толықтай қосыламыз. Осы ретте кәсіпкердің нарықтағы мүмкіндігін мемлекеттік мекеме шектеп жатқан болса, онда кәсіпкер өзі бізге тікелей шығуға мүкміндігі болуы керек. Қазіргі таңда Кәсіпкерлік кодекске сәйкес кәсіпкерде ондай мүмкіндік жоқ»,– деді Рустам Ахметов.
Өз кезегінде Юлия Якупбаева бұл мәселе жүйелі шешімді талап ететінін атап өтті.
«Республика бойынша жекешелендіру үдерісі жетіліп келеді. Комиссияны дайындау мен қалыптастыру, тәуелсіз сарапшыларды, өкілеттілер, бизнесмендер мен инвесторларды тарту біртіндеп реттелуде. Бірақ бізде жаңа кәсіпорындарды құруға есіктер жабылмаған. Бұл үшін инвентаризация мәелелрін қайта қарау керек. Бүгінде бұл үдерісте жүйе жоқ, жекелей, жергілікті комиссиялар арқылы жүргізіледі», – деді Юлия Якупбаева.
Сарапшы Рустам Ақбердин мемлекеттік функцияны ұзаққмерзімді шарттар бойынша орындау бүгінде жеке бизнес үшін тиімді жол деген пікірмен келісті.
Экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін анықтау әдісінің нашарлығына Кеңес мүшесі Петр Своик назар аударды. Экономика министрлігінің мәліметтері бойынша мемлекет үлесі 18,6% құрайды, бірақ осы ретте Своиктің айтуынша мемлекеттік компаниялар активі 70%-ды құрап отыр. Жиынға қатысушылар экономикадағы мемлекет үлесін анықтау әдісін қайта қарау керек деген ұсыныс білдірді.
Кеңес мүшелері мемлекеттік компаниялар жетекшілерінің жауапкершілігі жайында сөз қозғады. Олардың кейбіреуі жарғылық қызметті бұзып, жеке бизнеспен бәсекеге түсіп жатады, сонымен қатар уәкілетті орган оларды жойылды деп таныса да қызметін жалғастыра беретіндері де бар.
Шара соңында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен Жол картасын әзірлеу туралы келісім жасалды, онда мынадай міндеттер қамтылады:
•жаңа мемлекеттік компанияларды нарыққа жіберуге қатысты заңнаманы қайта қарастыру;
•жекешелендіру механизмдерін жақсарту;
•мемлекеттік қатысуды қысқарту және мониторинг;
•трансшекаралы бәсекені дамыту;
•монополияға қарсы бұзушылықтарды зерттеу бойынша Келістіруші комиссия жұмысын жақсарту;
•Экономикадағы мемлекет үлесін бағалай әдісін жетілдіру.
www.atameken.kz