СИ ЦЗИНЬПИН: ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ЗОР БЕДЕЛГЕ ИЕ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен алғыс хат келді, деп жазады ҚазАқпарат «Егемен Қазақстан» газетне сілтеме жасап.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы өзінің хатында қайта сайлануымен құттықтағаны үшін Қазақстан Республикасының Президентіне шынайы ризашылығын білдіре отырып, Қытай мен Қазақстанның тату көрші әрі жан-жақты стратегиялық серіктес екенін атап өтті.
«Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында еліңіз әлеуметтік үйлесім мен тұрақтылықты сақтау, экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту ісінде мол жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада зор беделге ие болып отыр. Мен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беремін, табысты байланыстарымыз бен берік достығымды қадір тұтамын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін жан-жақты стратегиялық әріптестікке бағытталған Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру жолында Сізбен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенімді білдіремін. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Өзіңізбен тағы да жүздесуді асыға күтемін», - делінген Си Цзиньпиннің хатында.