ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА ОҚУҒА ТҮСУ ТУРАЛЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылорда облысы түлектері арасында Көкшетау техникалық институтын насихаттау мақсатында Сыр еліне Көкшетау техникалық институтының өрттің алдын алу кафедрасының аға оқытушысы азаматтық қорғау подполковнигі А.Н. Құсайынов келді.
Шара аясында Абылайхан атындағы Қызылорда жоғары колледжінің, «Ұлағат» колледжінің студенттерімен, сонымен қатар №4 мектептің оқушыларымен кездесті.
Жас өрендерге жас түлектерге қойылатын талаптар, Көкшетау техникалық институтына түсу туралы ережелер, сонымен қатар казармадағы өмір мен оқу орнының артықшылықтары айтылды.
Абылайхан атындағы Қызылорда жоғары колледжінің студенттері бірінші болып кәсіби бағдарлау материалдарын тыңдап шықты. Жастар Көкшетау техникалық институтында оқуға қызығушылық танытып, институт өкілімен қызу әңгіме жүргізді. Кездесу соңында Кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері алдағы уақытта ұйымдастырушылық шаралар жүргізу үшін Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге қызығушылық танытқан түлектер туралы ақпарат жинады.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде КТИ оқуға түсуге талапкерлер мен олардың ата-аналарымен кездесу өтті. Іс-шара ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Бержановтың төрағалығымен өтті. Кездесу Көкшетау техникалық институтының құрылу тарихы, оқу шарттары мен оқуға түсу туралы бейнероликтерді көрумен басталды. Сабақ «жүздесу» форматында өткізіліп, қатысушылардың қызықтыратын сұрақтар қоюына және толық жауап алуына мүмкіндік жасалды.
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі