ҚАЙЫҚ ЖАСАУДЫ ҚОЛҒА АЛҒАН ЖІГІТ
Балық аулауды ата кәсібіне айналдырған аралдықтар үшін қайық таптырмас құрал. Қай¬ық пен ау һәм балықшы бір-бірінен ажырамас ұғым іспетті.
Елбасының қолдауымен САРАТС жобасының бірінші кезеңі іске асқалы бері Кіші Арал теңізі суға толып, өңірде ата кәсіп қайта жандана бастады. Сол се¬бепті, жас кәсіпкер Жансерік Нысанбаев ба¬лықшылар үшін аса қажетті құрал – қайық жасау ісін қолға алды.
Ұсталық өнерді әкесі Темірбай Сенбіұлынан үйренген Жансерік қайық жа-саудың түрлі технологиясын меңгеріп, табыстың көзін тапқан азаматтардың бірі. Алғашында ағаштан жиһаз, темірден есік жасаумен айналысты. Бертін келе, жас кәсіпкер өндірісін кеңейтуді жоспарлап, әкесі жинақтаған сызба нұсқалардың негізінде 2016 жылдан бастап қайық жасау ісіне шындап кіріседі. Іскер жан цех жұмысын жандандыру үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы несие алып, бүгінде өз ісін дамыту үстінде.
– Несие қаражатына автоматтандырылған жаңа қон¬дырғылар сатып алдым. Қажетті құрал-жабдық Испа¬ниядан келеді. Ал, қайық моторлары – Жапония мен АҚШ зауыттарының өнімдері. Нақты кезеңде айына 3-4 қайық шығарамыз. Бұрын біздің өңірдің балықшылары қайықты Ресейден әке¬летін. Ал, қазір жер¬гілікті балықшылар қайықтарымызды сатып алып жатыр. Төменгі бағасы – 450 мың теңге. Тапсырыс берушінің талабына сай баға өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда цехта 11 адам еңбек етуде, – дейді кәсіп иесі.
Арал теңізінің жағасында тұратын жұртшы¬лықтың сұранысы жоғары. Ғылым мен жаңа технология дамыған заманда темір мен алю¬минийге қарағанда, шайыр мен әйнек талшықты араластыра отырып жасалған қайықтар әлде¬ қайда тиімді әрі жеңіл болып табылады.
Жасыратыны жоқ, қазір теңізде жүрген қайық¬тардың 70-80 пайызының тозығы жеткен. Ол қайықтар бұрын 1970-1980 жылдары жасалған.Қырық жыл болған қайықтарды Ре¬сейде суға түсіруге рұқсат бермейді екен. Бұдан бөлек, қайық корпустарының үлкен болуына байланысты көрші мемлекеттерден тасы-малдауға қажетті құжаттарын рәсімдеу қиын¬дық тудырады. Бұл тұста біздегі өндіріс орны қайықтарды өзге мемлекеттер өндіріп отыр¬ған бағада және сапасы жағынан еш кем түс¬пейтіндей етіп жасай алады. Нақтысы, барлық мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуы басты назарға алынып, қолданылатын шетелдік шикі-зат пен автоматтандырылған өндіріс құрыл¬ғылары пайдаланылады.
Табыстың көзін тауып, аудан балықшыларын сапалы әрі ыңғайлы қайықпен қамтамасыз етіп жүрген жас кәсіпкер Жансерік Нысанбаевтың тың ісі жастарға үлгі боларлық жоба деп білеміз.
Назерке БАҚЫРАДИН,
Арал ауданы