Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА

ЕСІЛ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА

Биылғы жылы – ару қала Астана қаласы өзінің мерейлі 20 жылдығын атап өткелі отыр. Байтақ еліміздің жүрегі саналатын жауһар шаһардың туған күніне дайындық жұмыстары бүгінде басталып та кетті. Бұл түсінікті де, өйткені, Астана күні әлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналған.
 Еліміз егемендігін алған кезде, сонау 90-шы жылдардың ортасында Елбасы Н.Назарбаев тың идея ұсынды. Осылайша, 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары Астананы Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылдады. Артынша Мемлекет басшысының республика астанасын Ақмолаға көшіру жөніндегі Жарлығы шығып, 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола ресми түрде Астана болып белгіленді.
  Ал, 1998 жылы Президент Ақмола қаласын «Астана қаласы» деп атауға Жарлық шығарып, осы жылы 10 маусым күні жаңа Астананың тұсаукесерін өткізген болатын. Содан бері 20 жылды тарих қойнауына жіберген Астана адам танымастай алып шаһарға айналды. Жас қалаға жастар қоныс теуіп, олардың өмір сүруіне мүмкіндіктер молайды. Жаңа жұмыс орындары мен білікті мамандардың басын біріктірген жоғары оқу орындары ашылды. Тәуелсіздіктің мәуелі жемісі саналған Астана қаласы күн сайын жаңарып, әлем назарын өзіне аудартты. Аз уақыттың ішінде ажарлы келбетімен айшықталған Елордаға шет мемлекеттер қызыға қарайды. Себебі, бір кездегі шағын ғана қала бүгін көлемді, қуатты мегаполистердің қатарына енді.
  Елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі Мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Астана бейбітшілік пен келісімнің қаласына айналды» – деп атап көрсетті.
  Астананың тарих үшін қысқа ғана кезеңде миллион тұрғыны, сәйкесінше, инфрақұрылымы бар, назарын өзіне аудартатын маңызды оқиғалар өтер, әлемге танымал қалаға айналғанын атап көрсеткен мемлекет басшысы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын тойлаудың маңыздылығына тоқталды. Осы ретте, ел Президенті Елорданың мән-мағынасын сипаттап беру үшін танымал америкалық журналистің айтқан сөзін мысалға келтірді. «Меніңше, қала біздің барлық отандастарымызды қуантып, қонақтарымызды таң қалдырып отыр. Танымал америкалық журналист Ларри Кингтің: «Бүкіл тарихта қалаларды жаулап алады, ал Қазақстан қала салады» - деген сөзі жадымда қалыпты. Меніңше, бұл сөз арқылы барлығы айтылған», – деді Елбасы.
  Иә, расында да еліміздің жүрегіне айналған Сарыарқа төсіндегі Астана талай ақынға шалқар шабыт берсе, әншілер әсем әнімен әуелеткен киелі шаһар.
  Осы орайда облыс орталығы – Қызылорда қаласының Астанадан үлгі алып, Сырдарияның сол жағалауын игере бастағаны қуантады. Біз Елордаға қарап бой түзеген қалада тұрғанымызды мақтан тұтамыз.

16 сәуір 2018 ж. 1 520 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области