ХҚКО МАМАНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ
Цифрлық сауаттылық – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен қызметі барысында ақпараттық технологияларды қолдана білуі. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің қызметкерлері облыс орталығындағы халық көп шоғырланатын бірнеше нысандарда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған кезекті акция өткізді.
Кең ауқымда облыс әкімдігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚКО Қызылорда облыстық департаменті және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесіп ұйымдастырылған шараға куә болған Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері аймақта электрондық үкіметті дамыту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға оң пікірін білдірді.
Сонымен қатар, кітапханада 26-наурыз - 6 сәуір аралығында «Барлығына бірдей, әркімге қолжетімді» акциясының жеңімпаздары марапатталды. Акцияға барлығы 18 497 адам қатысып, 400-ге жуық ұтыс иелері телевизор, смартфон, планшет секілді бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, акция барысында 4103 тұрғын электронды мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген.