Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙНАНЫҢ АС ҮЙДЕ ТҰРҒАНЫ АБЗАЛ

АЙНАНЫҢ АС ҮЙДЕ ТҰРҒАНЫ АБЗАЛ

Әрбір үйге, тіпті кеңсеге де сән беріп тұратын, әрі керек кезі көп айна жайлы айтылатын әңгіме көп. Кейбіреу оны үйге береке береді десе, енді біреулер сыйлыққа айна беру араға сызат түсіреді деп жатады. Ал оны үйдегі өз орнына қою табыс пен береке шақырады екен. Ендеше оның орны қайда екенін біле жүріңіз.
  • Деректерге сенсек, айна кіре беріс есікке қарама-қарсы орналаспауы тиіс екен. Егер олай тұрса есіктен кірген кіріс айнаға шағылысып, шығып кетеді деген наным бар. Сондай-ақ, үй иелері түрлі кедергілерге тап болып, жүйке жүйесінің тез шаршауына соғуы мүмкін.
  • Айнаны жатын бөлмеге қоймаңыз. Қойған күнде де одан ұйықтайтын төсек көрінбеуі керек. Бұл үйде немесе ерлі-зайыптылар арасында дау-жанжал шығуына себеп болуы мүмкін немесе адам ауруға шалдығып қалуы да ғажап емес. Бүгінде жатын бөлмеге қоятын жиһаздарда төсектің бас жақтаулары айнамен көркемделеді. Мүмкін болса ондай жиһазға жоламаған дұрыс деседі.
  • Ас үйде айнаны үстелге қарама-қарсы қабырғаға ілу керек. Қытайлар дастархандағы дәмнің бәрі айнадан көрінсе, ырыс молаяды деп сенеді.
  • Айнаны қонақ бөлмеге қоюға болады. Әсіресе сырт жақтан әсем табиғат шағылысып тұрса, пайдасы зор болмақ. Бірақ айнаға сырттағы қоқыс жәшігі сияқты жағымсыз нәрселер шағылыспағанын қадағалау керек. Олар жаман энергияны үйге тартуы мүмкін.
  • Үйдің төбесін, не еденін айнадан жасалған жылтыр тақтайшалармен /плитка/ көркемдемеу керек екен. Себебі бөлшек айнадан адам өз бейнесін теріс жағынан немесе бөлшектеп көру кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
  • Айнаның алдына бірнеше кесек қағаз ақшаларын шашып қойса, табыс көзі молаяды деген сенім бар.
  • Адам бейнесінің айнадан толық көрінгені жақсы.
  • Үйде сынық немесе шынысы тозған айнаны пайдаланбаңыз.
Міне, айна жайлы осындай түсінік бар. Әрине, оған сену-сенбеу әркімнің өз ықыласы. Дегенмен, бәрі де Алла Тағаланың қолында екенін ұмытпайық.
21 сәуір 2018 ж. 1 856 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области