Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САҚТАСАҚ, ОТАНЫМЫЗ МӘҢГІЛІК БОЛМАҚ

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САҚТАСАҚ, ОТАНЫМЫЗ МӘҢГІЛІК БОЛМАҚ

Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсетті. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.
  Мысалы еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көтерілген. Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет деп білемін.
  Адами капитал және ақылды ұлт аясындағы мәдениет, ең алдымен, ұлттық сүйіспеншілікті туғызуға, ұлттық бірлікке бастауға, ұлтты ұлықтауға, ұлттық намысты оятуға, барлық салада ұлттық жоғары талғамды қалыптастыруға бағытталуы керек. Осы тұрғыда еліміздегі ерлі зайыптылардың ажырасып, ортадағы баланың екі жақты болып, тірі жетім болып қалатындары мені қатты алаңдатады.
Сол сәтте ойымызға бірден мына бір сұрақтар тізіле кетеді: «Осындай шешім қабылдауларына не себеп болды екен?», «Кім кінәлі», «Перзенттері кімде қалады екен?», «Қайта отбасын құрады ма екен?», «Оның зардабы қандай болмақ?» және ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өткір сұрақтардың бірі – алимент төлеу.
  Алимент деп біз көп жағдайда тек ажырасқан әкенің өз баласына төлуге міндетті ақысы деп білеміз. Алайда, алименттің басқа да түрлері бар. Бұл төлем тек әкеге ғана емес, сонымен қатар анаға да жүктелетіні көпшілікке жаңалық болуы мүмкін.
Алимент – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның оны алуға құқығы бар басқа адамға ұсынылатын міндетті ақшалай немесе материалдық асырау. Яғни, заң жүзінде бекітілген төлем. Көп адамдар отбасы кодексінің бар екенін біле бермейді. Дегенімен, маңызды тараптарды біліп жүрген артық болмайды. Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес. Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиедегі балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы.
Жоғарыда айтылғандай, алименттің бұл түріне ерлі-зайыптылардың ажырасқан болуы міндетті емес. Мысалы, егер күйеуі баланың оқуына, тұрмыс-тіршілігіне ақша бермесе, әйелі оны сот арқылы алимент төлеуге міндетті ете алады. Бірақ, баланы асырауда ананың да міндетті екенін ұмытпаған жөн.
Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар сондай-ақ баланы асырауға Кодекстің 79-бабына сәйкес алименттер төлеуге міндетті.
Алимент төлемдері кәмелетке толмаған бір балаға ата-анасының айлық жалақысының не өзге де табыстарының 25 пайыз, екі балаға –33, үш және одан да көп бала үшін – 50 пайыз мөлшерінде төленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, борышкердің жалақысының немесе өзге де табысының 50% кем емесі сақталуы тиіс.
Егер борышкер жұмыссыз болған жағдайда еліміздегі орташа жалақының (147988 мың теңге) 25 пайызын төлеуі тиіс. Яғни бір балаға төленетін алимент мөлшері 36997 теңгені құрайды. Екі бала болған жағдайда оның сомасы 48836 теңге, ал үшеу және одан да көп болса айына 73994 теңге төлеуі керек.
Бүгінгі күні тек Қызылорда қаласы бойынша барлығы 3489 алимент өндіру ісі бар. Оның 1019 аяқталып, 1613 жұмыс орындарына жолданып, айлық табыстарынан өндірілуде. Жұмыссыз жүрген борышкерлерден бөлек, жеке жұмыс жасап, өз баласына алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлер де жеткілікті. Оларға қолданылған шара да жаза да аз емес.

А.АЙБОСЫНОВА,
Қызылорда облысының
әділет департаментінің бөлім басшысы


19 сәуір 2018 ж. 722 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области