Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУДЬЯЛАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

СУДЬЯЛАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ


    Қызылорда облыстық соты ұжымы Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылады.
    Іс-шараға облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялар және соттар әкімшісі басшысы мен сот мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
    Сот төрағасы Қамбар Нұрышев Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының маңызына тоқталып, Мемлекет басшысы жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету үшін нақты 10 міндетті тапсырма бергенін атап өтті.
    Жиын барысында Қызылорда қалалық сотының судьясы Меруерт Тоғызбаева төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму міндеттеріне жайлы айтты. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі елімізді жаңа белеске көтеретінін жеткізді.
    Судьялар жолдаудың тоғызыншы міндеті жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы ойларымен бөлісіп, биыл қаңтар айынан бастап Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер бойынша қаралған сот істеріне шолу жасады.




26 қаңтар 2018 ж. 750 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области