ЖАРҚЫН БАСТАМАҒА – ЖАҢАША ҚОЛДАУ
Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мәні мен мазмұны, маңызы мен мағынасы қоса өріліп, өзіндік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туынды болғаны сөзсіз. Қоғамға қозғау салған Елбасы ұлтты ұйыстыруға, кешегімізді саралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «ұлттық кодты» сақтап қалудың сан алуан бағытын байыптайтын тамаша туындысын тарту етті.
Мақаладағы жастар қауымына арналған айырықша бағдар – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының қолға алынуы. Бұл - әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықты әлем тілінен қазақ тіліне аударып, қазақ жастарына ұсыну деген сөз. Бүгінгі білімнің салтанат құрған дәуірінде бұл жобаның берері көп. Әлем тілдерінен аударылған оқулықтар – жастардың әлемді тануына зор мүмкіндік ашатыны сөзсіз. Қазақ жастарының өз елімізде жүріп те әлемнің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, дәстүрін тани алатындығы қуантады. Мұндай бастамалардың жұртшылық алдында қолдау тауып, жүзеге асырылуын құп көреміз.
Айтолқын Жолмырзаева
Арал ауданы