Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА ҚОЛДАУ ТАНЫТТЫ

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА ҚОЛДАУ ТАНЫТТЫ

Бүгін аудан әкімі М.Оразбаев аудандық кәсіпкерлер палатасының қазіргі таңдағы жұмыс ырғағымен арнайы танысып шықты. Әсіресе, биылғы жылы жан-жақты қолдауы мол салада қарқынды жұмыстың лебі еседі. Нақтырақ айтсақ, ауданда шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетудің нәтижесінде 2018 жылдың 1 сәуіріне кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4148 бірлікті құрап, 5302 адам жұмыспен қамтылған (заңды тұлға 278, дара кәсіпкерлер 3402, шаруа қожалықтары 468). Сәйкесінше 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субьектілері 351 бірлікке, жұмыспен қамтылғандар саны 522 адамға артты. Бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы іске асуда. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалы арқылы 2017 жылы 6 топқа бөліп, 211 адам «Бастау Бизнес» жобасы негізде, ал «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша 37 адам оқытылып, тиісті сертификаттарына қол жеткізді. Айта кететін жайт, биылғы жылы «Бастау Бизнес» бойынша 6 топқа бөлініп 240 адам, «Бизнес – Кеңесші» жобасы бойынша 90 адамды оқытуға меже белгіленіп отыр. Жыл басынан 2 күндік «Бизнес – Кеңесші» оқу курсы бойынша 45 адам оқып сертификаттарын алса, қазіргі таңда «Бастау Бизнес» оқу курсының 1 тобында аудан бойынша 46 адам оқутылуда. Шындығында, облыс бойынша осы салаға ерекше қолдау білдірілгелі бұл мекеменің табалдырығын аттаушылар қатары көбейген. Былайғы уақытта да адам қарасы арылмаған аталған мекемеде жұмыс кестесі қауырт. Бірі кәсібін жандандырмақ ниетте келсе, енді бірі осы салада өзін сынап көрмекке бел байлаған жандар. Бәрі де мемлекеттен жасалатын қолдаудан қалыс қалғысы жоқ. Міне, осылайша палатаның бүгінгі жұмыс барысын баяндаған Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындық филиал директоры Қ.Еңсепов маңызы басым сала төңірегінде алдағы уақытта жоспарланып отырған жобалар жайын да аудан басшысының назарына ұсынды.
  Одан әрі, бұл сала асқан ұқыптылықты қажет ететіндігін алға тартқан аудан басшысы оқыту курсында дәріс алып жатқан кәсіпкерлікке ниетті аудан тұрғындарымен жүздесіп, істеріне сәттілік, кәсіптеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, өз кәсібін ашам деген әрбір аудан азаматына қажетті деңгейде қолдау көрсетілетіндігін баса айтты.
  Иә, асқан ептілік пен жауапкершілікті қажет ететін бұл салаға жүктелер сенім мол. Сондықтан, тікелей халықпен жұмыс жасайтын мекемелер қателіктерге жол бермеуі шарт.

25 сәуір 2018 ж. 618 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области