«БАЛАЛАРДЫҢ БАСТАУЫ-2018» КОНКУРСЫ ӨТТІ
Балалардың азаматтық ұстанымын белсенділігін тәрбиелеу, өз қала, ауылының тыныс тіршілігіне қатысу құқықтарымен дағдыларын қалыптастыру, өмірлік бағдарына дұрыс таңдау жасау, балалар бастамаларын іске асыру алаңын құру мақсатында «Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы «Балалардың бастауы-2018» байқауы өтті.
Байқаудың облыстық кезеңінде 17 баланың 13 әлеуметтік жобасы ұсынылды. Негізгі талаптарына сәйкес білім ұйымдарының оқушылары, оның ішінде интернаттық мекемелерінің оқушылары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі 11-18 жас аралығындағы балалар қатысты.
Шара «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының, аймақтық «Рухани жаңғыру» қорғау орталығының, облыстық білім басқармасының, «Қорқыт Ата» университетінің Қызылорда мемлекеттік университетінін, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Балалар жобаларының үздік авторлары облыстық білім басқармасының диплом, алғыс хаттарымен және 2018 жылғы 1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі шеңберінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің алғыс хаттарымен марапатталады.