Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ


    Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларына арналған «Руханият және келісім мәдениеті – бірлігі жарасқан елдің кепілі» тақырыбындағы облыстық шығармалар байқауы өткізілді.
    Байқаудың негізгі мақсаты  - оқушылар арасында бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің бірлікті ел болуымыздың кепілі екендігін насихаттау болып табылады. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050» стратегиясымен танысуларына себепкер болу. Оқушылардың бойында патриоттық тәрбиенің негізін қалау, еліміздің бейбітшілік пен келісімнің мекені болып отырғанына мақтаныш сезімін оятып, өзіндік үлесін қосуға, оң көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету.
    Шығармалар байқауына 34 оқушы қатысып, 17 оқушы Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.
    І дәрежелі диплом Айсана Өскенова Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 9 сынып. Бадау Сабина- Жаңақорған ауданы, №167 мектеп, 9 сынып. ІІ дәрежелі диплом Мақпал Телеуова Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 8 сынып, Бекжан Бахытбекұлы Сырдария ауданы, №37 мектеп, 9 сынып, Назира Тиышова Арал ауданы, №220 мектеп, 10 сынып, Үміт Бекасыл Жалағаш ауданы, №188 мектеп, 10 сынып, Анарбай Нұртілеу Жаңақорған ауданы, №209 мектеп, 10 сынып,  ІІІ дәрежелі диплом Аружан Шахмаратова Арал ауданы, №13 мектеп, 8 сынып, Гүлсезім Тоқмырзаева Қармақшы ауданы, №109 мектеп, 8 сынып, Әсем Сәбитқызы Жаңақорған ауданы, №221 мектеп, 8 сынып, Аяжан Болатқызы Қызылорда қаласы, №8 мектеп-интернат, 8 сынып Нұрайлым Есенғалиева Қызылорда қаласы, №138 мектеп, 8 сынып,  Айгүл Мырзағұл Арал ауданы, №220 мектеп, 9 сынып, Бибінұр Бақытжанқызы  Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ, 9 сынып, Аружан Орынбасар Қызылорда қаласы, №10 БИЛ, 9 сынып, Нұргүл Сейілханова Қызылорда қаласы, №120 мектеп, 9 сынып, Назым Тұрғанбек Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернат,10 сынып оқушылары.

23 қараша 2017 ж. 1 384 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области